Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша», деген болатын.
Аудандық құрылыс бөлімінің мәлімдеуінше Сафон ауылында спорт кешенінің құрылысына жергілікті бюджеттен 200 000,0 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде мердігер мекеме болып «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС анықталған. Жоба құны 1 406 046,0 мың теңге. Жұмекен ауылына спорт кешенінің құрылысына жергілікті бюджеттен 200 000,0 мың теңге қаралған. Мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде жоғарыда аталған мердігер жеңімпаз ретінде танылған. Бұл жобаның құны 1 429 163,0 мың теңге. Екі нысанның да құрылысы басталуда. Бұдан бөлек, Приморье, Дәулет, Хиуаз, Күйген, Жыланды, Ғ.Алипов, Балықшы, Жаңа ауыл, Шортанбай, Жасталап, Қиғаш, Д.Нұрпейісова, Бірлік, Сафон, Бөкейхан елді мекендерінде спорт алаңдарының, Кудряшов, Жыланды ауылдарында спорт кешенінің құрылысына жұмыс жобалары жасақталып, құрылысына қаржы бөлу жөнінде тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер жолданған.
Қанат Ғұмаров