Қос алтын – қоржында

Карантиндік шектеулерден кейін индерлік мүмкіндігі шектеулі спортшылар да спорт сайыстарына сапарлай бастады. Олар жақында Атырау қаласында өткен армрестлинг, пауэрлифтинг спорт түрлерінен облыстық іріктеуде сайысқа түсті.

Әсіресе, армрестлингтен 80 келі салмақта Оқас Мейрамбек (суретте-сол жақта) жеңістің ең биік тұғыры – 1 орынға көтеріліп, алдағы наурыз айында Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Айтөре Тәженов те (суретте-оң жақта) пауэрлифтингтен 75 келі салмақта жеңімпаз атанды.

- Жеңімпаз танылған Айтөре Мұратұлын жарысқа бірінші рет апарған едім. Жасынан спортты серік еткен мықты жігіт екен, бәрін ұтты. Енді республикалық чемпионатқа қатысу үшін алда тағы бір іріктеу сынынан өтуі керек. Қазірден сол жарысқа дайындықты пысықтаймыз. Жалпы облыстық іріктеу кезеңіне 2 спортшымен ғана шектелмей, көбірек спортшылар апаруға мүмкіндік бар еді. Оған шұғылданып жүрген спортшыларымыз да бар. Әттеген-айы қаржы болмауы қолымызды қысқартып отыр, - дейді аудандық мүгедектер спорт клубының басшысы Жасұлан Бисенов (суретте-ортада) сөзге тартқанымызда.

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521