eGov mobile қосымшасында "Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды шектеу жөніндегі сервис" жаңа қызметі іске қосылды

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА! ағымдағы жылдың 18 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарыүшін өздерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеуге өтінішті онлайн форматта беру мүмкіндігі «eGovmobile» мобильдік қосымшасы арқылы іске қосылды. Жаңа қызмет өтініштерді өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматтарға, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп егжей-тегжейлі бейне нұсқаулық әзірленді, ол «eGovmobile» мобильді қосымшасында және Қазақстан Республикасы Туризм және Cпорт министрлігінің интернет-ресурсында https://youtube.com/shorts/_Nq7Zb_M-4Y?feature=share сілтемесі бойынша қолжетімді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521