Амандосов жүлдесі сәбидің амандығы үшін жолданды (ФОТО, ВИДЕО)

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс әкімдігінің қолдауымен Атырау облыстық бас редакторлар клубының ұйымдастыруы аясында қазақ журналистикасының негізін салушы, профессор Тауман Амандосов атындағы ауыспалы кубок үшін БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында клуб төрағасы Жанай Амантурлин Т.Амандосовтың туғанына 100 жыл толып отырғанын, оның қазақ баспасөзін дамытудағы еңбегін, шараның мақсатыда асылымызды ардақтау екеніне тоқтала келе, БАҚ қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ турнирдің бас демеушісі кәсіпкер Құлғалиев Елдос Сағидоллаұлына ризашылығын білдірді.

bastaluy

Ал «Атырау-Ақпарат» ЖШС жанындағы ардагерлер ұйымының төрағасы, ардагер журналист Нұрлан Қабылов Т.Амандосовтың шәкірті ретінде толғана сөз қозғап, оның атына осындай шара ұйымдастыру құптарлық іс дей келе ойыншыларға сәттілік тіледі. Сонымен сайысқа 5 команда қатысып, айналма ойын тәртібімен бір-бірімен кездесіп, қызықты ойын өрнегін көрсетті. Ақтық сында мықтылар ғана жарыс жалауын көтеріп, «Тауман» командасы бірінші орын, «Атырау-Ақпарат» екінші және «Атырау телеарнасы» үшінші орын алды.

Сөйтіп Тауман Амандосовтың кубогын алғаш «Тауман» командасы жеңіп алып, 100 мың теңге жүлде иеленсе, қалғаны 70-50 мың ақшалай сыйлық және медальдармен марапатталды. Ал көрнекті ойын көрсеткен «Тауман» командасының ойыншылары Нұрислам Ғұмаров «Үздік қорғаушы», Қайсар Жетпісбаев «Үздік ойыншы» атанса, «Каспиан Ньюстен» Жақсылық Ыбыраев «Үздік шабуылшы» атанды.

Марапаттарды Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек, Ішкі саясат басқармасының бас маманы Нұрболат Елеусінов және елімізге белгілі журналистер Слухия Хаттарқызы мен Арыстанбек Кенже тапсырды. Ал арнайы кубокты клуб төрағасы Ж.Амантурлин «Тауман» командасына аманаттады. Бұл жерде айта кететін нәрсе кубок ауыспады болғандықтан «Атырау-Ақпарат» ЖШС музейіндегі бас редакторлар клубының арнайы бұрышында сақталады. Келер жылы қайта тартысқа түсіп, 3 мәрте қатар жеңген команда түпкілікті иесі атанады. Жалпы Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық спорт басқармасы жарыстың өтуіне жақсы жағдай жасады.

kubok

diplom

Ең бастысы қаржылай жүлдені алған командалар қаржыны 9 айлық Көзайым Ринатқызының емі үшін ата-анасына тапсырып, қайырымдылық жасады. Осылайша жақсы ойын, сауапты іс болды.

kyz-emi

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT