Зорлық-зомбылық – қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығына төнетін үлкен қауіп. Соңғы жылдары бұл мәселеге мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып, жәбірленушілерді қорғау және құқықбұзушыларға жауапкершілікті күшейту бағытында нақты қадамдар жасалуда.
Қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру – әр азаматтың міндеті. Отбасындағы өзара құрмет, балалардың қауіпсіздігі, әйелдер мен әлсіз топтарды қолдау – өркениетті елдің басты құндылықтарының бірі.
Әрқайсымыз зорлық-зомбылықтың алдын алуға үлес қоссақ, әділдік пен адамгершілікке негізделген қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз.
Насиполла Гүлбану
Индер ауданы

