«Қызыл Жұлдыз» орденінің игері Абат Далабаев атындағы еркін күрестен аудандық біріншілік Бөдене орта мектебінде үлкен дәрежеде ұйымдастырылды. Шара батыр зиратына барып, құран бағыштап, рухына тағзым етумен басталды.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов көпшілікті жерлесіміз Абат Далабаев атындағы турнирдің ашылу салтанатымен құттықтап қатысушы балғындарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ үй-ішіне естелік сурет табыс етті. Өз сөзінде ауған соғысының ардагерлерінің аудандық Одағының төрағасы Самат Айтимов та жүрекжарды тілектерін ағытты.
Сайысқа аудандағы 15 мектептен палуандар қатысып, халықаралық дәрежедегі төреші Нұрбек Аманов төрелік жасады. Кезекпен-кезек сайысқа түскен балуандар, әртүрлі тәсілдермен бір-бірін ұтуға тырысты. Боз кілем үстіндегі бәсеке барысында олар бір қолмен белдіктен, жағасынан, жеңінен ұстап шалып, үйіріп, сүріндіре жұлқып, тізеден қағып, кеудеден асыра лақтырып шеберліктерін көрсетті.. Нәтижесінде жақсы шеберлік танытқандар жүлделі орындарға ие болдыБарлық жеңімпаздарға медальдар мен Алғыс хаттар табысталды.
Диас АЙБАРОВ.
Бөдене ауылы.