Тіл саясаты комитетіне жаңа төраға сайланды

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Әділбек Қабаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабаев Әділбек Күнесханұлы 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 2011 жылы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Әр жылдары "Арай-Заря" журналында, "Лениншіл жас", "Жас Алаш", "Айқын" газеттерінде корректор, тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, редактор болып жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары ҚР Бас Прокуроры Аппаратының тіл саясаты және ақпарат басқармасы басшысының м. а., басшысы, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі, ҚР Бас Прокуроры Аппаратының медиа-орталығының басшысы, баспасөз қызметінің басшысы болды.

2012-2020 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің жетекшісі болған. 2020 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

azh.kz 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика