Сайлаушылардың жартысы дауыс беріп үлгерді

Ауылшаруашылығы колледжінде орналасқан ✓113 сайлау учаскесінде ең алғаш болып зейнеткер Орынбасар Қаржауов дауыс берді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ардагері Серікқали Жұқиев отбасымен келіп өз таңдауларын жасаған болатын. Алғашқы дауыс берушілерге аталған учаскелік  сайлау комиссиясының төрағасы Бағытжан Құнас естелік сыйлық ұсынды. 
—Алғашқы екі сайлаушы мекенжайлары жақын жерде болса,  учаскенің ең шетінде орналасқан "Болашақ" мөлтек ауданынан келген Мұрат Бозшиев алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келгенін тіркедім, —дейді  учаскелік комиссияның төрағасының орынбасары Қайырғали Таудаев. 
Бір ерекшелігі осы сайлауда үйден дауыс беруге бұл учаскеден ешкім тіркелмепті.
— Зағип жан Қонысбай Тұрғалиев та, 83 жастағы Кеңес Сахи және тағы басқа үлкен кісілер  өздері аяқтай келіп дауыс беріп, кейінгі жастарға үлгі көрсетті. 
Сағат 10.30-дан бастап сайлаушылардың қатары көп болса,  түс әлетінде кісі аяғы сабырсыди, —деді аталған учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бағытжан Құнас.  
Сағат 13.00-ге дейін осындағы сайлаушылардың 870 дауыс берген. Бұл барлық сайлаушылардың 48 пайызын құрайды екен. 
Айта кетейік бұл сайлау учаскесінде. барлығы 1817 сайлаушы тіркелген. 

С. Сансызбайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521