Облыс әкімі өз таңдауын жасады

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында өз дауысын беріп, таңдауын жасады»,-дейді Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Таңғы сағат жетіден өз жұмысын бастаған аталған сайлау учаскесіне 1145 сайлаушы тіркелген.

img-20210110-wa0048

akim-oblys-

Саяси науқанда өңірде барлығы 265 сайлау учаскесі қызу жұмыс істеуде. Мұнда азаматтарға санитарлық талаптарды сақтай отырып дауыс беруге арналып барлық жағдай жасалған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT