Өз таңдауларын жасады

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте орналасқан №121 сайлау учаскесіндегі дауыс беру ертеңгілік сағат 07:00 де ашылды. Мемлекеттік әнұран асқақтаған соң сайлау учаскесінің төрағасы Райхангүл Қорғанбаева сөз сөйлеп ашты.  Төраға дауыс беру талаптарын түсіндірген соң алғашқылардың бірі болып «Айналайын» бөбекжайының қызметкері Бейбіт Өтепов дауыс беру  мүмкіндігіне ие болды.

-Мен үшін бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек деп білемін. Өйткені жергіліікті мәслихаттармен қатар еліміздің жоғарғы заң шығарушы орган Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің қатары көп. Олардың арасында партиямен қатар өзін-өзі ұсынушылар да бар болып шықтыы. Мен өз таңдауымды жасап сенім артқан кандидатқа дауыс беріп шықтым. Әрине, бұл сайлау елімізді демократиялық дамуына даңғыл жол саларына сенім мол. Менің дауысым елімнің ертеңін баянды қылуға өз септігін тигізеді деп білемін деді,-Бейбіт Ғилыманұлы.

Тұрғын Жұлдыз Бердалиева да алғашқылардың қатарында дауыс беріп өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.  Оған учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы заманымыздың заңғар жазушысы Зейнолла Қабдоловтың «Атырау арыстары» сериясы бойынша жарық көрген кітабын сыйға берді.

Сайлау учаскесініің төрағасы Райхангүл Мақашқызыының айтуынша, аталмыш учаскеде 847 сайлаушы тіркелсе, 11 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Олар үшін арнайы жылжымалы жәшік апарылады екен. Ал 5 жас сайлаушы алғашқы дауыс беру мүмкіндігіне ие болып  отыр.


Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521