Құлсары қаласында аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының бос орнына қайта сайлау науқаны өтіп жатыр. Жергілікті тұрғындарға болашақ халық қалаулысын таңдауы үшін қаладағы Махамбет даңғылы бойындағы "Кең Жылыой" мәдениет үйіндегі 94-ші сайлау учаскесі жұмыс істеу үстінде.
Жалпы, аудан бойынша сайлауға түсуге 3 адам өтініш білдірген. Мамандардың мәлімдеуінше, сайлаушылар тізімінде 5 мыңға жуық тұрғын бар. Олар таңдаған үміткеріне дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Сайлаудың өту барысы бақылаушылардың жіті қадағалауында.
-Аудан бойынша осы сайлауда 1 аумақтық, 1 округтік сайлау комиссиясы, сол округтік сайлау комиссиясына жататын 2 учаскелік комиссия жұмыс жасап тұр. Аудан бойынша депутаттыққа 3 кандидат түсті. Сайлауда 5022 сайлаушы тізімге енді. Сайлау өз деңгейінде заңға сәйкес өтіп жатыр. Ешқандай заң бұзушылық деректері тіркелген жоқ,-дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зәуреш Қалмұханова.
Өз тілшіміз