Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында дауыс берді

 

Серік Шәпкенов Атыраудағы  №8 сайлау сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

-Қадірменді жерлестер! ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша қазір еліміздің барлық тұрғындары келіп, өз дауысын беріп, таңдауларын жасауда. Сондықтан, реформаның нәтижесін бүгін көріп отырмыз деп ойлаймын. Мен де өз таңдауымды жасадым. Баршаңызды да өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын,-деді С.Шәпкенов.

Атырау облысы бойынша  ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер 442 кандидат бар. Оның ішінде, Мәжіліске - 11 кандидат, облыстық мәслихаттың 6 партиялық тізімінде 60 кандидат, облыстық мәслихаттың 15 бірмандаттың сайлау округі бойынша 39 кандидат, Атырау қалалық мәслихатына – 71 кандидат, 7 аудандық мәслихатқа – 261 кандидат тіркеуде тұр.

Қазіргі таңда 269 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Олар таңғы сағат 7:00-ден 20:00 аралығында ашық болады.  №8-сайлау учаскесінде 2 340 сайлаушы бар. Жалпы облыс бойынша 412 165 сайлаушы тіркелген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз