29 жастағы азаматтан 5 млн теңге болатын есірткі тәркіленді

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылы туған азаматты ұстады.

- Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл 5 000 000 теңге сомасына 3500-ден астам бір реттік дозаларға тең келеді. Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген есірткіні оған басқа қаладан жеткізген - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Облыс аумағында есірткі құралдарының түсу арналарын анықтауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.

Атырау облыстық Полиция Басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521