Белсенділіктері үшін марапатталды

Биыл да наурыз мейрамын жергілікті халық ұйымшылдықпен қарсы алып, көтеріңкі көңіл күйде өткізді. Осыған орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов Наурыз мейрамына орай «Ырысың шалқысын – ұлы есім!» атты мерекелік шарада ұлттық дәстүрімізді насихаттап, мерекенің өз мәнінде аталып өтілуіне қосқан зор үлестері үшін көптеген мекеме, кәсіпорын, бөлім ұжымдарына демеуші болған кәсіпкерлерге аудан басшысы С.Арыстанның атынан ризашылығын білдіріп, Алғыс хат пен естелік сыйлық тапсырды.

«Көп түкірсе – көл» деген, әрқашанда қандай ма болмасын шараның мәнді өтуі ауызбіршіліктің арқасында жүзеге асатынын жадылаған Д.Шамұратов барша мекеме басшыларына рахметін айтып, еңбектеріне табыс тіледі.

Ж.ІСІМ. 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT