Шетелден келген тұрғындар ерекше назарда ұсталынып отыр

Әлемді шулатқан короновирустың алғашқы белгілері, оған қарсы аудандағы дайындық жұмыстары туралы мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Шолпан Ержанова айтып өтті.

Аудандық ардагерлер бөлмесінде өткен дәстүрлі денсаулық сағатында сол қауіпті дерттердің алдын алу, тұтынушылар құқығын қорғау және короновирусқа қарсы жұмыстың жайына арнайы тоқталып, түсінік берілді.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, ауданда дәрігерлермен бірнеше дайындық сабақтары өтіп, керек-жарақтар, маскалар жеткілікті түрде алынған. Жалпы шет елдерге көп шыға берудің де қажеттілігі жоқ делінді. Ал ауданнан 45 адам Астараханьға, Түркияға барып келгендіктен, ерекше назарда ұсталынып отырғанын жасырмады.

Ол мәселе кім-кімді де алаңдатпай қоймайтыны анық. Содан да сабақ соңында ардагерлер С.Жұқиев, Қ.Фазылов, тағы басқалары көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

Сабақты қорытындылаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Нұриев қатысушылар мен дәрігерге ризашылығын білдіріп, денсаулық саласы мамандарының халықпен жұмысқа ерекше назар аударуының маңызды екендігін тағы бір еске салды.

С.ХАЛЫҚОВ.

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT