Өткен тәулікте ауданда 8 адам індет жұқтырған

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 5-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Индер ауданынан - 8, Исатай ауданынан - 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған бір адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тіркелмеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 99 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 24 адам ем қабылдауда.

Covid-19 пандемиясы басталғалы бері Атырау облысында 11 435 адамнан індет анықталған, оның 11 202-сі емделіп шықты.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика