Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 442 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Атырау облысында үш жаңа жағдай анықталып отыр, деп хабарлайды ATPress.kz
Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (245) және Солтүстік Қазақстан (35) облыстарында. Одан кейінгі орында Павлодар (30) мен Нұр-Сұлтан (28) қаласы. Ақмола облысында – 27, Алматы қаласында – 21, Қарағанды облысында – 16 жаңа дерек тіркелген. Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 13 пациенттен тіркелген.
COVID-19 жұқтырғандар бойынша ең аз көрсеткіш Ақтөбе (4), Жамбыл (3), Маңғыстау (2) және Алматы (2) облыстарында. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 112 860 адам
Сондай-ақ, өткен тәулікте 114 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Нұр-Сұлтан қаласында (46 адам), Павлодар (24) және Қарағанды (21) облыстарында. Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жеті, Алматы қаласында алты пациенттен емделіп шыққан.
Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 106 514.
ATPress.kz