Атырауда 200 орындық жаңа медициналық мекеме ашылды

Атырау облысы болжанып отырған пандемияның екінші толқынына дайындық шеңберінде бірқатар медициналық нысандарды ел игілігіне берді. Соның бірі Атырауда екі ай ішінде салынған 200 орындық модульдік госпиталь. Аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандарттарына сәйкес келеді.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңадан пайдалануға берілген емдеу мекемесіне барып, жасалынып жатқан жұмыстарымен танысып шықты, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

img-20201111-wa0054

Мекеме диагностика және емдеу үшін заманауи медициналық жабдықтармен: компьютерлік томографпен, сандық рентген аппаратымен, медициналық газдар жүйесімен, УДЗ, ЭКГ, өкпені жасанды желдету аппараттары және басқалармен қамтылған.

img-20201111-wa0052

Медициналық мекемеде қауіпсіздік деңгейі жоғары ақылды желдету жүйесі орнатылған. Палаталарда әр төсекте медбикені шақыру түймесі бар. Оқшауланған бокстарға арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады.

img-20201111-wa0051

Сондай-ақ, 20 реанимациялық төсек қарастырылған. Госпитальда жергілікті медицина қызметкерлерімен қатар Грузия республикасынан келген дәрігерлер алты ай бойына жұмыс жасайтын болады.  

img-20201111-wa0056

«Ең бастысы, жаңа медициналық мекеме өңірдегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов. 

img-20201111-wa0050

Айта кетейік, медициналық мекеменің жалпы аумағы 8924 мың шаршы метрді құрайды. Медициналық нысанда 56 екі орындық, 16 үш орындық, 6 бір орындық палаталар және жеті екі орынды бокстар аулаға шығатын арнайы есіктерімен жасалған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT