АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Аймақтағы коронавирустық инфекция бойынша санитарлық — эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында келген бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың кеткенін Атырау облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады.

« Аймақтағы ахуалды тұрақтандыру үшін келген Сәдуақас Байғабылов тек қана екі аптаға уақытша тағайындалған болатын. Қазіргі таңда жұмыс жасау уақыты тамамдалып, орнын босатты» — дейді баспасөз қызметі.

Бүгінде, Нұр-Сұлтан қаласындағы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің бастығы — Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ретінде жұмысын жалғастыруда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521