Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов өз еркімен қызметінен кетті,-деп хабарлайды аталған басқарманың баспасөз қызметі.
Бұл жұмысқа дейін ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облыстық бөлімі директоры болған.
Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасының міндетін Гүлнафис Танбаева уақытша атқаруда.