59 отбасы екпеден бас тартты

Бүгінгі таңда түрлі екпелер (вакцинация) – жұқпалы аурулардың алдын алудың бірден-бір жолы.

Дегенмен, осы екпелер төңірегінде даулы мәселелер көп-ақ. Біз ашық әлемде өмір сүреміз. Сондықтан, қоршаған ортаның түрлі әсерінен туындайтын сан алуан ауруларды баланың әлсіз ағзасы қалай қабылдайтынын бірде-бір ата-ана алдын ала болжай алмайды. Вакцинаның арқасында ағза аса қауіпті ауруларды тудыратын бактериялар мен вирустарға төтеп бере алады.

Бүгінгі таңда алдын алу екпелерінің ұлттық күнтізбесіне полиомиелит, көк жөтел, сіреспе, қызылша және басқа да дерттерден сақтайтын вакциналар кіреді. Екпеден бас тарту баланың осы аурулардың бірін жұқтыруына алып келеді. Екпеге қатысты теріс пікір бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ оған әлі нүкте қойылған жоқ. Индер ауданы бойынша 2017 жылы 97 бала екпе алмай, 63 жанұя екпе салдырудан бас тартып отырғандардың бірі діни бағыттағы тұрғындар болса, ендігі бірі әлеуметтік желідегі ақпарат көздеріне сүйеніп отыр. Бірнеше жүргізілген жұмыстар нәтижесінде биыл 2018 жылы 91 бала екпе алмай, 59 жанұяда екпеге қарсы теріс пікір қалыптасқан. Аудан медицина қызметкерлері екпе егуге деген насихаттық жұмысын әлі де жалғастыруда. Өйткені халық денсаулығы – ұлт байлығы. Халық өз денсаулығына салғырттық танытпауы қажет. Сонда ғана дені сау ұрпақ қалыптасады.

Анар Доспаева,

аудандық орталықтандырылған аурухананың директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT