Математиканың білгірлері бақ сынасты

Күні кеше Қ.Есқалиев атындағы орта мектебінде Қалам атаның ұрпақтарының қолдауымен биылғы жылы екінші мәрте «Қалам Есқалиев атындағы математика білгірлері» атты аудандық турнир өтті.

Жалпы бұл олимпиадаға ауданның 15 мектебінен 14 команда қатысып, математика пәнінен бақ сынасты.

Елу жыл үзбестен шәкірт тәрбиелеп, оның тең жартысын жетім балаларды тәрбиелеуге арнаған Қалам Есқалиев - білім беру ісінің үздігі. 1932 жылы Кулагино селосындағы орталау мектептің директоры болып, 1936 жылы оның аудандағы тұңғыш орта мектеп болып қалыптасуына басшылық жасаған. 1936-1937 жылдары аудан тарихында тұңғыш рет алгебра және бастапқы геометрия пәндерін жүргізіп, сабақ кестесіне енгізген. Өмірінің соңына дейін жастарға сапалы білім, саналы тәрбие бере білді.

Байқау кезінде есепті шығаруда шапшаңдық танытып, өз шеберліктерін көрсетіп, нәтижесінде жүлделі бірінші орынды, осымен екінші жыл қатарынан «Көктем» қазақ орта мектебінің оқушылары еншіледі. Ал ІІ орынды Жамбыл, Ш.Уәлиханов, ІІІ орынды Бөдене, Махамбет, Қ.Есқалиев атындағы орта мектебінің оқушылары қанағат тұтты. Сонымен қатар Ә.Кекілбайұлы, Есбол, М.Сиранов атындағы орта мектеп оқушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларды Дарико Қаламқызы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Индер ауданы.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика