Гидропланы жеңіс сыйлады

Облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен 12 сәуір ғарышкерлер және ғылым қызметкерлері күніне орай физика пәнінен өткен «Жас өнертапқыштың алғашқы қадамы» атты облыстық оқушылар байқауы қорытындыланды.

Білім алушыларға ғылым мен техниканың түрлі саласында, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатымен жүзеге асқан байқау онлайн форматта өтті.

Оған облыстық, қалалық, аудандық білім беру ұйымдары және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары «Авиация саласындағы жобалар», «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар» номинациялары бойынша қатысты.

Байқауға 17 жоба ұсынылып, оның 16-сы қаралып, қазылар алқасының шешімімен «Авиация саласындағы жобалар» номинациясы бойынша терең білімімен, жоғары шеберлігімен, шығармашылығымен ерекшеленген Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің 10 сыныптың озат оқушысы Мөлдір Адильгереева бірінші орынмен марапатталды.

Айта кетейік, аталған байқаудың аудандық кезеңі 6 сәуір күні өтіп, екі бағыт бойынша 15 оқушы қатысқан. Оқушының жетекшісі аталған мектептің физика пәнінің мұғалімі Файзолла Қабиевті сөзге тартқанымызда:

-Оқушым дисколет гидроплан ұшағын құрастырды. Ол ауыл шаруашылығы, жедел-жәрдем саласына, тау шатқалдарына қажет. Оның бір кәдімгі ұшақтардан айырмашылығы қанаты диск түрінде болып келеді. Оны ауаның көтергіш күшіне байланысты көлемін шағын етіп жасауға болады. Байқауға келетін болсам, оқушым жобасын өзі сәтті қорғап шықты,-дейді жетекшісі.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілеріне әдістемелік орталықтың арнайы дипломы мен алғыс хаты және сыйлықтары табысталды.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521