ЖЫЛУ МАУСЫМЫ ТАЯДЫ

Жыл он екі айдың ішінде өзіндік мінезімен ерекшеленіп тұратын қыс мезгілі қамсыздықты көтермейді. Оған дайындық ерте көктемнен басталып, жылу беру маусымы кезінде толық пысықталады. Міне, осы дайындық мәселесі аудан әкімі Серік Нысанбаев төрағалық еткен кезекті аппарат мәжілісінде арнайы қаралды.

Онда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов хабарлама жасады.

– Аудан бойынша жылумен қамтылатын 15 орта мектеп, 4 мектептен тыс мекеме, 11 балабақша, 12 денсаулық сақтау, 10 мәдениет саласы нысандары, 4 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі – 1, 10 бюджеттік мекемелер және 11 су тазарту қондырғылары бар. Сонымен қатар аудан орталығы Индербор кентіндегі 18 көп пәтерлі тұрғын үй 8 орталықтандырылған жылыту қазандығы арқылы жылытылады. Аудан бойынша 86 жылыту ғимаратының қазіргі уақытта 81 жылыту ғимараты әзірлік паспортын алды. 2025-2026 жылғы жылу беру маусымына бекітумен 232 393,0 мың теңге, І нақтылаудан 200 952,0 мың теңгеге қаржы барлығы 433 345,0 мың теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Аудан бойынша жылу беру маусымына 42 іс-шара жоспары бекітілді. Қазіргі таңда 42 іс-шара жоспарының 35-і орындалып, қалған 7 іс- шара жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу порталына, мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде,- деді салалық бөлім басшысы.

Бөлім басшысының айтуынша, кенттегі көп қатарлы тұрғын үйлердің бірі болып саналатын Б.Майдырова 1, Б.Майдыров 1А мекен-жайында орналасқан ғимарат ына 2 дана жылу қазандығы мен 2 жылу оттығын алу үшін мемлекеттік сатып алу порталына жарияланыпты. Жуық арада жеңімпаз анықталып, тиісінше жұмыстар атқарылмақшы. Әсіресе аудандағы әлеуметтік нысандар яғни білім беру, балабақша, денсаулық сақтау ұйымдары қыстан қысылмай шығуы басты назарда ұсталуы тиіс. Осыған орай сала басшылары Орынша Ділмұқашева, Анар Доспаева қосымша баяндап өтті.

Сын тезіне салар кезеңде халыққа ең алдымен қажетті ауыз су, тоқ, газ тарату мәселелерінде кедергі болмауы қажет. Сондықтан аудан әкімі Серік Нысанбаев сала басшылары мен орынбасары, бөлім басшылары мен округ әкімдеріне нақты тапсырма жүктеп, орында- лысы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT