Жол бордюрлерін қолды еткен жұмысшы ұсталды

Атырау облысының Индер ауданында полицейлер ұрлық қылмысын әшкереледі.

Аудан тәртіп сақшылары кент ішіне жол салып жатқан ЖШС-нің біріне тиесілі 126 дана жол жиектері - бордюрлердің қолды болғанын анықтады. Жедел іздестіру шаралары барысындар қылмысқа күдікті анықталып, ұсталды.

Ұры алыстан келмепті, мекеме жұмысшыларының бірі болып шықты. Тексеру барысында, бөтеннің мүлкін жымқырған азамат, оны аудан тұрғынына 30 мың теңгеге сатып жібергені де белгілі болды, деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

25 жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 188 бабы "Ұрлық" бойынша жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521