Жертөлелер бір тазарып қалды

Индербор кентіндегі Д.Қонаев -22-24, Тайсойған-7, Махамбет көшесі 16-18-20 пәтерлік үйлердің астындағы жертөлелері тазартылып, құрғатылып, қоқыстары шығарылды.

Бұл жұмыстарды ұйымдастырып жатқан «Таңат» тұрғын үй иелері кооперативінің төрағасы Бейбіт Төлепұлын сөзге тартқанымызда:

-Алдымен тұрғындар жақсы білуі керек, осы жұмыстарды жоспарлы түрде жалғастыра беретін боламыз. Ал тазартылған жертөлелерден КАМАЗ-бен 15 рейіс қоқыс шығарылды. Тіпті шап-шағын Махамбет көшесіндегі №16 үйдің өзінен 4 рейс қоқыс шығаруға тура елді. Осы жұмыстармен екі бригада айналысуда. Негізі тазалық оны сақтаған жерде болатынын ескерткім келеді,-деді сала басшысы.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT