Жерасты суы тартылып барады

Ауыл шаруашылығын жан-жақты, әрі заманауи тұрғыда дамыту мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Осыған орай жақында фермерлер бас қосып, біраз мәселені талқыға салды.

Атырау қаласы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өткен кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.Нәутиев, ірі құрылымдар мен шаруа қожалықтары басшылары қатысты. Маңызды мәселелер қаралған жиында «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Дайрабаев еліміздегі ауыл шаруашылығының маңыздылығына, атқарылып жатқан кешенді істерге тоқталды.

Жиын барысында фермерлер жерасты суының тартылып бара жатқаны, қысқы мал азығына кететін шығындарды субсидиялау және оны жергілікті бюджеттен қарастыру, ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір ережелердің жиі ауысатындығы, мемлекеттік бағдарламаларды әр өңірдің ерекшелігіне қарай қарау сынды өзге де түйткілді мәселелер қаралған.

Қожалықтардың айтқан өтініштеріне құлақ асқан Ж.Дайрабаев мұның бәрі тиісті орындарда қаралатынын  жеткізді.

- Бұл жиналыс біздер үшін өте маңызды. Орайы келмей жүрген тұстарымызды, қиыншылықтарды бүкпесіз ортаға салдық. Біраз жайға қанық болдық. Фермерлерде заман талабына сай қамдану керектігі күн тәртібінде тұр,- дейді жиынға қатысып келген Индер аудандық фермерлер одағының басшысы М.Ілияс.

Ж.ІСІМ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT