Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.
Баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу – ата-ананың басты міндеті. Сол себепті ата-аналар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, олардың күнделікті немен шұғылданып жүргендерін, бос уақытта немен айналысатынын қадағалап отыруы тиіс.
Бұл істе полиция да тыс қалмайды. Сол себепті, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын алу, сондай-ақ, құқықтық сауатылығын арттыру мақсатында кезекті рет 27-30 наурыз күндері аралығында аудан көлемінде «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр.
Индер ауданы полиция бөлімі