Өзекті мәселелердің тиімді шешімін табуға жол ашады

Астанада басталған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі – адамзат үшін аса маңызды тарихи сәт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбындағы пленарлық сессияда айтылған ойлар – бүкіл әлем үшін бағыт-бағдар боларлық құнды тұжырымдар.

Президентіміз атап өткендей, рухани даналық пен сарапшылар білімінің тоғысуы жаһандық және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелердің тиімді шешімін табуға жол ашады. Бұл сөздер қазіргі әлемде орын алып отырған түрлі қақтығыстарды еңсеру үшін діндер арасындағы өзара құрмет пен сенімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Біздің ортақ мақсатымыз – адамдардың жүрегіне бейбітшілік пен мейірім ұялату. Съезд барысында айтылған әрбір пікір, ұсыныс, бастама адамзаттың бірлігі мен татулығына қызмет ететініне сенемін.

Ералы Қамзағалиев,

"Әйіп қажы мешітінің имамы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT