Алғыс айту күніне орай аудандық «Әйіп қажы» мешіті жамағаты жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілер тобының ұйымдастыруымен кент тазалығының сақталуына атсалысып жүрген бір топ жұмысшыларға алғыс айтылып, оларға ыстық шәй мен бәліш таратылды.
Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеген аналар мен қажырлы ағаларымыздың еңбегі қашанда өлшеусіз. Сондықтан оларға қай уақытта да құрмет көрсетсек те артық етпейді. Әрдайым отбасылары аман, дендеріне саулық, көңілдері көтеріңкі, жүздері жайдары болсын дейміз.
Өз тілшіміз