« Түнгі қаладағы балалар » іс-шарасы өтті

Индер ауданы көлемінде 27-29 шілде аралығында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел -профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу әрі жолын кесу.
    Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрысына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау да назардан тыс қалмады.
          Аталмыш іс-шара кезінде жасөспірімдер тарапынан 58 құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын-жайдан тыс жүрген жасөспірім анықталып, ата-аналарына ескерту шарасы, қайталап жасағандарға әрқайсысына 13672 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ІІО-да есепте тұрған отбасылар мен жасөспірімдердің тұрғылықты жері бойынша рейд жүргізіліп, профилактикалық жұмыстар атқарылды.

    Индер ауданы Полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT