ТІЛСІЗГЕ ТІЛ БІТІРГЕН

Емшілік қасиет дарыған адамдар қай қоғамда да халыққа шипасын дарытып, ауруынан айығуына жәрдемдесіп отырған. Солардың бірі – есболдық Айжан апа Көшенованың есімі алыс аймаққа дейін жақсы таныс.

Көзі тірісінде зәру болып келген талай жандардың жолын ашып, ықыласына бөленген жан. Сонау 1940 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген ол 1960 жылы Биғали ағамызбен шаңырақ көтеріп, жарасымды өмір кешті. Отағасы құрылыс саласында өнікті еңбек етсе, Айжан апамыз егін шаруашылығының майталманы атанды. Алтын асықтай ұл, күміс қасықтай қыз өсіп, олардың бәрі бүгінде өмірден өз жолдарын тапқан өнегелі өмір иелері. Ал халық емшісі ретінде еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін емшіден жанына медет тапқандар өздерін ол кісіге қарыздар санайды.

Ғажабы сол карт аша отырып, науқастың ауруын дәл анықтаумен қатар оған тап болу себептерін де айтып отыратын. Одан әрі құйрық, сарымай, малдың іш майы, сабын басқа да сырқатының түріне қарай әртүрлі нәрселерден ем дайындап, үшкіріп береді. Және онысы 2-3 рет қайталанады. Тіпті аяғынан баса алмай қалғандар айығып, тілі шықпаған оралдық баланың сөйлеп кетуінің өзі емшіге Алла сыйлаған құдірет екені сөзсіз. Сонымен қатар Айжан Ақайдарқызының көріпкелдік қасиеті де бар. Өзенге түсіп кеткен жанның мүрдесінің қай жерде екендігін дәл болжауы, бұдан басқа да түрлі себептермен келгендерге қолынан келгенше бағыт сілтегенін ел әлі ұмыта қойған жоқ.

Біз осы емшілерді неге ескермей жүрміз?

Ж.Ісім

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика