Облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов ауданға жұмыс сапары барысында Индербордағы жастар орталығы жұмысы мен жаңа бақ, «Жасыл Аймақ» ЖШС алынған жаңа техникалар паркімен де танысып шықты.
Орталықтағы және елді мекендердегі қоқыстарды қабылдап, жою, өңдеу жұмыстары да жан-жақты сөз болып, оның жайын Мейірім Жоламанұлы мен мекеме басшысы Әнуарбек Кенжиев әңгімеледі.
Әсіресе, аудан орталығындағы қоқыс алаңы аумағын азайтып, қоршап, өңдеу, рекультивациялау жұмысы күрделі болып отырғанын да жасырылмады. Ал аудан орталығы мен елді мекендер тазалығына барлық қажетті техникалар алынып, пайдаланыла бастағаны ерекше аталды.
С.ХАЛЫҚОВ