Әскерде қылмысқа орын жоқ

Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері біршама оқу түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Былтыр жалпы алғанда жүзге жуық семинар, дөңгелек үстелдер мен лекциялар өткізілді.

Әскер қатарындағы мерзімді әскери қызметші жауынгерлерге және келісім-шарт бойынша жүргендерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 3 және 6 тармағындағы «Әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету және бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту бойынша әскери қызметшілердің әкімшілік жауаптылығы» жайында түсіндірілген. Мұның әскери бөлімге, өзінің жеке басына қаншалықты қиындық келтіретіндігі, соңы қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылумен аяқталатындығы да қаперге берілді.

Азаматтарымыздың аз күндік қиындыққа шыдас бермей, олқылыққа жол берулерінің негізгі себебі – ішкі әлсіздігі, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерінің мұқалуы. Сондықтан да рухы өр, жігері бекем нағыз ерлерімізді өсіруге күш салуымыз қажет.

Бақтияр Дауренкулов,

Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің (әкімшілік тәжірибе) офицері,

әділет аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT