Шаруашылықта мал төлдеу науқаны басталды

Биыл қыс жайлы болғанымен малшылар оған онша қуана қоймайды. Жерде ешқандай дымқыл жоқ, оның үстіне жардай атанды жығар жазғытұрымғы жел азынап, жаз болмай жатып, құм көшіп жатыр. Жақсы емес, әрине. Дегенмен малшылар мал төлдету науқанын ойдағыдай өткізуде.

Мұқанғазы Сиранов алғаш өз қыстауынан құмның балаларын оқытып, мектеп ашқан жерін көптен бері «Кенже» шаруа қожалығы орналасқан. Кезіндегі қоңырлық жер мал тұяғының кесірінен ақшағыл, кейін құмға айналыпты. Бүгінде қожалықтың төрт түлігі түгел төлдеп жатыр. Мал қыстай жайылып шыққандықтан пішен қоры солай қалыпты. Қожалық басшысы Құттыбай Амантурлин:

-Жағдайымыз жақсы. Мемлекет тарапынан қолдаулар бар. Өткен жылы күннен қуат алатын арнайы қондырғы алып, телевизорымыз көрулі, үйіміз жарқырап тұр. Бұрынғыдай шамға май құйып, сығырайған жарықтың айналасында отыру жоқ қазір. Құдықтан су соруға арналған қондырғы және алдық. Қаладағы игілікті даладағы адамдарда көріп отыр. Тек ерінбей еңбек ету керек. Малымыз төлдеп, соның қамын жасаудамыз- дейді ол.

Жас, көп қозылы қой деп бөлінген малдың бағымына бауырлары көмекке келеді екен. Біз барғанда Жирен қасқа ат мінген ағасы Сатыбалды қойдан келіп, жас төлдерді енесімен табыстырып жүр. Сүтке тойған қозы-лақ шуаққа ойнақ салып, тез өсетіні белгілі. Сондықтан оларға арнайы күтім жасалып, жем-шөбі салынады. Басқасынан гөрі ірі болғанмен түйенің боталағанына ерекше мән беріледі екен.

Әлсіздеу болып жатса, ботасын енесінің бауырына апарып ауыздандырып жібереді. Бір сүтке тойса бота аяғынан тұрып кетеді. Басқа да қырдың өзіне тән жұмыстары жетіп артылады.

Жалпы ата-аналары да осы жерде мал бағумен күнелтіп, балаларына аманаттап кеткендіктен олар сол жолдан жаңылмай, өнікті еңбектің үлгісін көрсетіп келеді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521