Ала жаздай егін егіп, мал өсірген шаруагерлердің атқарған жұмыстары қорытындылану үстінде.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі берген мәліметке сүйенсек, біраз істің басы қайтарылғанын бағамдауға болады. Айталық 475 гектар жерге картоп егіліп, күні бүгінге 158 гектар жерден 2370 тонна картоп жиналған. Ал 465 гектар жерге көкөністер отырғызылса, 210 гектар жерден 5880 тонна өнім алынып үлгерген.
Сонымен қатар 190 гектар жерге бақша дақылдары отырғызылған. Нәтижесінде 172 гектар жерден 4816 тонна өнім алынған көрінеді. Бөлім басшысы Тоғайбай Салахадиновтың сөзінен ұққанымыздай алдағы күндері еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін аймақтық шаруагерлердің жәрмеңкесіне ауданнан үздік болып танылған 5 шаруа қожалығының өнімдері қолжетімді бағамен елордалықтарға ұсыну жоспарланып отырған көрінеді. Ол үшін аудан шаруагерлерімен келіссөз жүргізілуде екен.
С.Ерсайынұлы