Нышандар сапасына мән беру қажет

Еліміздің маңызды нышандары, елдігіміздің айғағы рәміздердің сапасы сын көтермейді.

Мысалы, жылға жетпей жатып жаңа орнатылған Тудың, Елтаңбамыздың түсі өңіп кетеді екен. Оны жасаушы мекеме неге сапаға мән бермейді? Осы сынды мәселелер жақында аудан әкімі жанындағы ҚР мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия отырысында кеңірек әңгіме болды. Аудан мектептерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және талапқа сай қолдану бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Шәкімов хабарлама жасады.

Жалпы ауданның білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздерді пайдалану заң талаптарына сай жүріп, оны құрметтеуге арналған шаралар мазмұнды өтіп келеді. Аудандағы барлық білім беру ұйымдарындағы ҚР-ның мемлекеттік рәміздері техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде тексеруден өткізіліп, ұлттық стандартқа сай қолданылады.

Сонымен қатар, Көктоғай ауылдық округінің әкімі М.Құсайынов та өз округі шеңберіндегі рәміздерді құрметтеуге арналған шаралар жөнінде айтып өтсе, Өрлік ауылдық округінің әкімі С.Сисатов рәміздерді насихаттау, заң талабына сай пайдалану жөнінде толыққанды мәлімет берсе, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мурзин комиссияның өткен жылғы атқарған жұмысы және жаңа жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Толығырақ 27 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика