Құм арасынан құнды жәдігерлер табылды

Жыбырлаған қалмақ зираттарына орай «Жыбырлақ» (Терек) атанып кеткен бұл жер тарихи орынға айналып келеді. Өткен ғасырдың 1924 жылы Мұқанғазы Сиранов осы жердегі қыстауында алғаш қыр балаларын оқытқан. Кейін ауыл болып, Елтайдағы мектептің іргетасы қаланады. Өткен жылдары құм көшкенде атымен бірге жерленген батырдың денесі табылып, оны атыраулық археолог Марат Қасенов зерттеп, ғылыми жұмыс жазған еді.

Аттың сауыты, садақ жебелері, қылышы сынды өзге де жәдігерлер бүгінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде тұр. Олардың қайдан табылғаны да жазылмапты. Негізі олар жергілікті музейге алынуы керек еді. Өкінішке орай ол жерге ешқандай белгі де қойылмады.

mura

Сол құм арасынан енді садақтың көне жебелері, сармат дәуіріне тән болса керек, көне бұйымдар шығып жатыр.

Мұның өзі бұл аймақ көне дәуір тайпаларының кәдімгідей мекені болғанын аңғартады.

Жан АМАН,

Индер ауданы

Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521