Құйын Индерде болмаған (ФОТО/ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде бір елді мекеннің тұсында жолдың бойында құйын тұрғаны бейнеленіп, оны кадр сыртындағы дауыс Индер ауданы Жарсуат ауылында орын алып жатыр деген бейнежазба тарады. Бұның жалған екендігін әріптесіміз Ләззат Қаражанова azh.kz сайтында жариялаған болатын.

-Бұл жалған ақпарат, монтаж екені анық байқалып тұр, - дейді сеніммен Индер ауданы әкімінің орынбасары Ақтілек МҰСАҒАЛИЕВ. – Иә, біздің аймақта жиі жел болып тұрады, бірақ дәл мұндай құйын жоқ енді.

Облыстық ТЖ департаментінде де облыс аумағында мұндай табиғи құбылыс тіркелген жоқ деді. (автор Л.Қ azh.kz сайтында 

Анығына келсек, жақын аралықта Жарсуат ауылында қатты құйын болып, сол жердің тұрғыны оны бейнежазбаға түсірген болатын. Алайда ол жазбаны біреулер пайдаланып басқа дауылға салған екен.

Видеоның түпнұсқасы мынау:

 

"Дендер" - Ақпарат

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521