Токио WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде 7-орыннан 6-орынға көтерілді.
Чемпиондық кестеде үздік сегіз теннисшінің қатарына енген қазақстандық спортшы 1–8 қараша аралығында Эр-Рияд қаласында өтетін маусымның қорытынды турнирінде бақ сынайды.
@qazaqstantv

