Елімізде шетелдік инвестиция есебінен энергия сақтайтын нысандар салынады

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жаңартылатын энергияны генерациялау бағытындағы заңнаманы жетілдіру керектігін айтты. Оның сөзінше, бұл қадам ауқымды халықаралық жобаларды іске асыру үшін қажет.

Премьер-министр Олжас Бектенов министрден жаңартылатын энергияны генерациялау мәселесі қалай ұйымдастырылып жатқанын сұраған.

    – Министрлік жаңартылатын энергия көздерін дамытуға арналған заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірледі. Бүгінгі отырыста сол құжаттың жобасын дауысқа саламыз. Жалпы осы өзгерістер мен толықтырулар нәтижесінде 3 ГВт энергия сақтайтын көздерді салу жөніндегі келісімшарттарға отырып, жобаларды аукционға шығаруға мүмкіндік береді. Оның ішінде 1,1 ГВт қуат көзі халықаралық келісімшарттарға арналған. Министрлік осы жұмыс одан әрі жалғастырады, - деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында электр энергетикасы саласын дамыту мен цифрландыру барысы талқыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT