Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған жасанды интеллектті дамыту бастамасы — еліміздің болашағына бағытталған маңызды қадам. Қазіргі заманда білім мен технологияны ұштастырмай, өркениетті елдердің қатарына қосылу қиын.
Жасанды интеллектті өндіріс, ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру сияқты салаларға енгізу — еңбек өнімділігін арттырып, жас мамандарға жаңа мүмкіндік береді. Бұл бастама жастарды ғылым мен инновацияға тартуға үлкен серпін болады деп сенемін.
Еліміздің дамуы заманауи технологияны меңгерген, білімді ұрпақтың қолында. Сол себепті Жолдаудағы бұл бағытты толық қолдаймын.
Аяжан Талғатқызы,
жас маман

