Ауылдағы тұрмыс сапасын арттыруға серпін берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне баса назар аударылғаны — ауыл еңбеккерлері үшін үлкен қуаныш. 

Ауыл — еліміздің берекесі мен ырысы. Мемлекет басшысының жерді тиімді пайдалану, агротехнологияны жетілдіру, шаруаларды қолдау жөніндегі тапсырмалары ауылдағы тұрмыс сапасын арттыруға серпін береді деп сенемін.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласына жаңа технология енгізу, кооперацияны дамыту және жас мамандарды тарту өте маңызды. Осындай нақты қадамдар арқылы еліміз өз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауылды өркендетеді деп ойлаймын.

Әсел ҚАҒАЗОВА,

ауыл тұрғыны

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT