Кез келген жетістік – адал еңбектің нәтижесі

Менің жасым 43-те, жеке кәсіпкермін. Қазіргі таңда «Асыл-Ана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және «Избасова» жеке кәсіпкерлігінің басшысымын. Табандылығым мен отбасымның қолдауының арқасында бизнесте бірқатар жетістіктерге жеттік. Қазіргі таңда жетекшілік ететін кәсіпорындарымызда 320 адам тұрақты түрде қызмет етеді.

Бизнес жолындағы алғашқы қадамымды 2009 жылы бастадым. «Кәсібіне қарай – нәсібі» демекші, мен үшін бизнестерімнің ішінде жаныма ең жақыны әрі ыстығы – «Асыл-Ана» наубайханасы. Бұл наубайхана өз жұмысын 2023 жылдың қараша айында бастады. 2022 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен аумағы 1000 шаршы метр болатын өндірістік цехтың құрылысын аяқтап, қазіргі таңда сапалы өніммен халық сұранысын өтеудеміз.

Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында біз өз кәсіпорнымызда еңбек адамының мәртебесін көтеруге, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға ерекше көңіл бөлудеміз. Себебі кез келген жетістік – адал еңбектің нәтижесі. Біздің өндіріс орнымызда наубайшы, технолог, жүргізуші, қоймашы секілді мамандардың әрқайсысы – бизнестің берік тірегі.

Осы орайда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз етіп келеміз. Алдағы уақытта да еңбек адамының еңбегін құрметтеу мен өндіріс мәдениетін дамыту бағытында жұмысымызды жалғастырамыз.

Бибігүл Избасова

«Асыл-Ана» жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің директоры

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT