Қос бірдей оқушымыз форумның жүлдегерлері атанды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10-12 қараша күндері «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының республикалық  кезеңі қашықтықтан  өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың мамандықтарды зерделеудегі шығармашылық ыңғайын белсендіру, өзін-өзі тануы мен кәсіби өзін-өзі айқындауына ынталандыру; жастар ортасында кәсіби, еңбек құндылықтарын көтермелеу және кіші oтанын дамытуда өзінің шығармашылық әлеуетін қолдану, отбасылық құндылықтар, дәстүрлер және еңбек әулеттерін нығайту және дамыту болатын. 

Форумда оқушылар шығармашылық орталығының және "Ақ дастархан" үйірмесінің жетекшісі Гүлжан Шакимованың жетекшілігімен Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы, "Ақ дастархан" үйірмесінің мүшесі Демеуова Толғанай жүлделі ІІІ орын иеленді. Ол өзінің жобасында аспаз мамандығының қыр-сыры мен таныстыра отырып, жалпы мамандық таңдауда шатаспау керектігін, дұрыс таңдалған мамандықтан адам шабыттанатынын, слайд арқылы тамаша дәлелдеп, көпшілікке жеткізді.

aruzhana

Сонымен қатар, Аққала орта мектебінің кітапханашысы Салтанат Қуанышкерееваның жетекшілігімен республикалық форумның "Мамандық кеше, бүгін, ертең" тақырыбындағы вайндар байқауында Аққала орта мектебінің 5 сынып оқушысы Аязбай Аружан жүлделі ІІ орын иеленді.

Қатысушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз