Президент атынан мемлекеттік БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

Президент атынан мемлекеттік БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің жетекші мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге пәтер сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Qazaqstan» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, ҚР Президентінің Телерадиокешені, «Qazcontent» АҚ және «Қазақ газеттері» ЖШС қызметкерлеріне пәтер кілтін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды.

 

photo

Ол әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, олардың отандық журналистиканы дамытуға елеулі үлес қосып жүргенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне айрықша көңіл бөлетінін айтты. Сондықтан Президент еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін қолдау жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.

photo

Сонымен қатар БАҚ қызметкерлерін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, «Дара» қорының басшысы Әсел Шілдебаева және «Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шүнкеев құттықтады.

photo

Пәтер сертификатына ие болған БАҚ саласының 65 қызметкері елордада жаңадан бой көтерген зәулім үйлердің біріне жуырда қоныстанады

photo

Масс-медиа мамандарының айрықша еңбегін айшықтайтын шара «Дара» президенттік бастамалар қорының және «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен ұйымдастырылды.

photo

2022 жылы құрылған «Дара» президенттік бастамалар қорының қызметі Қазақстанда креативті секторды дамытуға, азаматтардың шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

photo
photo
photo
photo
photo

photo

photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз