«Қазпошта» АҚ басшылығының ұйғарымына сай 18 қарашадан бастап, Индербор сияқты кенттерде пошта қызметіндегілер жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне көшетін болады.
-Атап айтқанда бұл пилоттық жоба бойынша әр поштальон газет-журналды шыққан күні иесіне жеткізген жағдайда 11 теңгеден, ал хаттар үшін 32-ден 52 теңгеге дейін есептеліп, төленетін еңбекақы алатын болады. Ал кешіктірген сайын бұл төлем де азая береді,-дейді «Қазпошта» АҚ Индер бөлімшесінің басшысы Айдар Жобалов.
Өкінішке орай бұл салада жұмыс істеуге ынта қойып, келушілер қатары өте сирек. Сондықтан да қызмет қолына жетіспестік облыс бойынша 70-тен аса адамды құраса, ол жай аудандық деңгейде де орын алып отырған көрінеді. Ал бұл тәртіп осы істі жақсарта түседі деген сеніммен қолға алынып отырған болып шықты.
С.БИСЕНОВ.
Индер ауданы