Орталық арбат көрікті алаңға айналмақ

Индербор кентінің Бейбарыс көшесіндегі арбатты қайта жарақтандыру жұмыстары басталды.

Аталған аймақта тұрғындардың серуендеуі үшін барлық жағдай қарастырылады.

bung-abat

Кент әкімі Аймұратов Асхат Саламатұлының айтуынша, жобалау–сметалық құжаттамаға сәйкес, құрылыс нысанында 2 дана су бұрқағы, жазғы суару, көгалдандыру және тас жабындыларын салу жұмыстары қарастырылған. Жасыл желектер көбейіп, жарық шамдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері жаңартылады.

Онда классикалық және қазіргі заманғы стиль өзара үйлесім тауып, көпшіліктің серуендейтін көрікті алаңына айналмақ.

zhumsshla

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

Аудан әкімінің баспасөз хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521