Онлайн бақылау-касса машиналарының (БКМ) жұмысы туралы

Чектерді беру функционалы - бақылау-касса машинаның баламасы. Оның кірістерді фискализациялауы бар жеңілдетілген нұсқасы. Әрине, бұл сервис тауарлардың көптеген атаулары бар сауда объектілері үшін бақылау-касса машиналарын толығымен алмастыра алмайды.

Дегенмен, бірнеше түрі сатылатын шағын дүкендер үшін қолдану әбден мүмкін. Қазір бұл қызмет жұмыстар мен қызметтер үшін чек қалыптастыруға мүмкіндігін береді, чекті алушыға мысалы, whatsapp арқылы немесе басқа мессенджерлерді пайдалана отырып жолдауға болады.

Берілген чектердің түпнұсқалығы QR-кодпен расталады. Чектерді беру модулін пайдалану кәсіпкерлердің белгілі бір санаттарына кассалық аппараттарды сатып алуға, ұстауға және Фискалдық деректер операторларының (Қазақтелеком, Транстелеком, Jusan mobile, Картел) қызметтерін төлеуге арналған шығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Жалпы, мобильді қосымшаның чектері бойынша деректердің болуы кірістер тіркелімін автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазір есеп жүйесі жоқ кәсіпкер оны қолмен жүргізуге мәжбүр. Қосымшаның әрбір берілген чегі бойынша кіріс сомасы кірістер тізілімінде ескеріледі.

Бір күндегі, бір айдағы кіріс мөлшерін көруге болады. Кәсіпкерге ыңғайлы болу үшін таңдалған салық режиміне байланысты жалпы салық кезеңі бойынша да кірістер көрсетіледі. Сонымен қатар, барлық кірістер бойынша қосымшаның чектері қалыптастырылмайтындықтан, кірістер тізілімінде қолмен толықтырулар енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпкер бақылау-касса машинаны қоладанады, оған солай ыңғайлы.

Сондықтан бақылау-касса машинанасының чектері бойынша кірістерді, сондай-ақ жеке кәсіпкер шотына қолма-қол ақшасыз аударымдарды және басқа да кірістерді көрсету бөлігінде толықтырулар енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ тауарлардың арзандауы, үстеме бағасы және т.б. жағдайында түзетулер көзделген. Сонымен қатар мобильдік қосымшаға бақылау-касса машинасының Z-есептері бойынша деректер алу бойынша (соғылған чектер бойынша қорытынды) автоматтандыру мүмкіндігі пысықталуда.

Интернет болмаған жағдайда, кәсіпкерлер онлайн бақылау-касса машиналардын фискалдық чектерінің орнына тауар чектерін бере алады. Сондай-ақ , онлайн-БКМ бойынша «Тауар чектерінің» кітабын мемлекеттік кірстер органдарында тіркеу және желі пайда болғанда берілген тауар чектерін онлайн бақылау-касса машиналарына енгізу қажеттілігі жоқ.

Тек салық есептерін тапсыру кезінде ақшалай есеп-айырысуды есептілікте көрсетсе жеткілікті. Тауар чегі – ақшалай есеп айырысу негіздеуі фактісін растайтын бастапқы есептілік құжаты, бақылау-касса машиналардың техникалық ақауы жағдайларда немесе электр қуаты болмағанда қолданады.

Бұл ретте, кәсіпкер тауар чегінде өткізілген тауарларлардың, көрсетілген қызметтердің атауы мен санын көрсетпестен, сомасын ғана көрсетуіне болады.

Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ж.Ахмет

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT