Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы еліміздің болашақ бағытын айқындайтын маңызды бағдар болып отыр. Құжатта экономикалық өсімді қамтамасыз ету, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және адами капиталды жақсарту жөніндегі нақты тапсырмалар берілді.
Азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру, әлсіз топтарды қолдау, әділетті еңбек нарығын қалыптастыру мәселелері де ерекше назарда. Бұл міндеттер Махамбет ауданының да даму қарқынын күшейтуге мүмкіндік береді.
Жолдаудың табысты іске асуы қоғамдағы белсенділік пен бірлікті талап етеді. Әрбір тұрғын ел дамуына өз үлесін қосуға тиіс.
Ә.Сейлова,
Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
басшысының орынбасары


